БІЗДІҢ ЖАҢАЛЫҚТАР

Баспасөз хабарламасы

Альянс

Қазақстан киногерлері Альянсы “Тұлпар” киносыйлығын қайта жандандырмақ

Бүгін Алматы қаласында үш қоғамдық бірлестіктің бірлескен қызметі туралы келісімге қол қойылды.

«Ұлттық киноакадемия», «Киногерлер одағы» және «Киногерлер лигасы» заңды тұлға құрусыз, ортақ күштерді біріктіру жолымен отандық киноны дамыту және Қазақстан киногерлер альянсы атынан өз ұйымдары мүшелерінің құқықтары мен ұжымдық мүдделерін бірлесіп қорғау жөніндегі ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет ету туралы шешім қабылдады.

Адай Абельдинов, Киногерлер одағының төрағасы:

«Альянсты құру – ұлттық кинематографтың қазіргі жағдайына негізделген заман талабы. Альянс қазақ киносының дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Біз қоғамдық институттарды кино өнерін толықтай дамытудың өзекті үдерістеріне тартуға мүдделіміз».

Айдар Баталов, Киногерлер лигасының төрағасы:

«Альянстың бірінші кезеңдегі жоспарында – барлық кинематографистер мен контент-мейкерлер арасында коммуникация орнату. Мүмкін, нарықтың барлық қатысушылары үшін сапалы платформа/қолданба туралы ойланудың реті келген болар. Барлық пайдаланушылар кәсіптік мүмкіндіктерін таба алатын, салаға тартылған ресурстарды таныстыратын алатын қолданбалар арқылы жеделдетілген нетворкинг болмақ. Болашақта электрондық билетті енгізу, кино прокаты нарығын монополиясыздандыру және киноиндустрияға жеке капиталды тарту үшін жайлы кәсіптік орта құру жөніндегі бастамаларды жалғастырудың маңызы зор».

Альянстың алғашқы бастамаларының бірі – «Тұлпар» киносыйлығының қайта жандануы. Серіктес ретінде «Тикетон» компаниясы қызмет атқарады.
2024 жылы сыйлық сегіз номинация бойынша беріледі: «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Үздік оператор», «Үздік суретші», «Үздік композитор».

Рашид Нұғманов, Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының президенті:

«Сыйлықтың ерекшелігі - жасырын дауыс беруге фестивальдардағыдай қазылар алқасының 5-10 мүшесі емес, Альянс ұйымдарының барлық мүшелері қатысатынында. Тағы бір айырмашылық - фестивальдар прокатқа дейінгі тұсаукесерлерге ерекше назар аударса, бүкіл әлемде академиялық сыйлықтарға тек кинопрокатқа шыққан туындылар ғана үміткер бола алады. Басқаша айтқанда, біз отандық фильмдер үшін жылдың прокаттық маусымын қорытындылаймыз».

Байқау іріктеуіне қатысуға өтінімдер 1-30 тамыз аралығында қабылданады. 2023 жылдың 1 қарашасы мен 2024 жылдың 30 қыркүйегі аралығында коммерциялық кинопрокатқа шыққан немесе шығуға жоспарланған қазақстандық толық метражды ойындық, деректі және анимациялық фильмдер қарастырылады.

Дауыс беру 1-15 қыркүйек аралығында Альянс мүшелерінің жеке кабинеттерінде өткізіледі.

«Үздік фильм» номинациясының жеңімпазын Альянс Қазақстанның «International Feature Film» санатында 97-ші «Оскар» сыйлығына ұсынатын болады. Түпкілікті шешімді Киногерлер одағы қарауындағы Оскар комитеті қабылдайды.

«Тұлпар» сыйлығы туралы барлық жаңалықтарды келесі сілтеме бойынша https://tulpars.kz таба аласыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін Сыйлықтың Ұйымдастыру комитетіне хабарласыңыздар: contact@tulpars.kz.

Қосымша мәлімет:

«Қазақстан киногерлер альянсы»

Өз қызметінде Альянс мүшелері:

  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады;
  • Кинематографияны дамытуға және кинематографистердің заңды құқықтарын қорғауға жалпы бейілділігін растайды;
  • Әділ Қазақстанның креативті экономиканың ауқымды өсуіне экономикалық және саяси бағытын қолдайды;
  • Мемлекет пен қоғам институттары арасындағы жемісті пікір алмасу пен өзара іс-әрекет отандық киноиндустрияны дамытуда жүйелі шешімдерді іздеудің пайдалы құралы деп санайды.

Келісімді орындау мақсатында тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі салаларын айқындайды:

  • Ұлттық кинематографияны дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу;
  • Өз ұйымдарының мүшелерін заңды қорғауды ұйымдастыру, сценаристердің, режиссерлердің, операторлардың, суретшілердің және дыбыс-бейне жазу туындылары композиторларының авторлық шарттарын қоса алғанда, киноиндустрия саласындағы негізгі шарттарды әзірлеу және мүдделі ұйымдармен келісу, сондай-ақ дыбыс-бейне жазу туындыларын жасаушылардың (продюсерлердің) айрықша мүліктік құқықтарын (копирайт) қорғау;
  • Кинематография саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен қызметке шарттық негізде қатысу немесе осындай іске асыруға жәрдемдесу;
  • Ұлттық фильмдерді Қазақстанда және шетелде танымал етуге, оларды дамытуға және прокаттауға жәрдемдесу;
  • Тараптардың келісімі бойынша мамандандырылған, өңірлік және халықаралық конгрестерді, фестивальдарды, конференциялар мен симпозиумдарды, семинарларды, кеңестер мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу;
  • Қазақстан кинематографиясын дамыту және оның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайту мақсатында басқа елдердің кинематографистерімен және кәсіби ұйымдарымен халықаралық байланыстарды нығайту.

Келісім аясындағы барлық шешімдер, өтініштер, үндеулер, ұсыныстар мен жобалар барлық Тараптардың толық келісімі кезінде консенсус жолымен қабылданады және оларға Альянс атынан олардың бірінші басшылары қол қояды.

Альянс кинематография саласындағы ұйымдар мен компанияларды ынтымақтастыққа шақырады.

Орыс тілінде