Академия Төралқасы отырысының
2016 жылдың «09» наурыз күні
№ 2 хаттамасымен бекітілген
«Ұлттық кинематографиялық
өнер және ғылым академиясы»
қоғамдық бірлестігінің
1. Жалпы ережелер
2. Академия мүшелігіне қабылдау тәртібі
3. Академия мүшесінің құқықтары мен міндеттері
3.1 Академияның нақты мүшелерінің Жарғыда және осы Ережеде бекітілген барлық құқықтары мен міндеттері бар.
3.2. Академия қауымдасқан мүшелерінің:
– секциялардың жұмысына қатысуға, олардың жұмысын жақсарту жөнінде ескертулер мен ұсыныстар енгізуге;
– барлық номинацияларда Академияның Ұлттық сыйлығын беру бойынша жасырын дауыс беруге қатысуға;
– Академияның қызметі туралы ақпарат алуға;
– Академия өткізетін іс-шараларға, атап айтқанда семинарларға, конференцияларға, фестивальдарға және т.б. қатысуға;
– кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында Академиядан қажетті консультациялар алуға құқығы бар.
3.3 Академияның қауымдасқан мүшелері:
– Жарғының және осы Ереженің талаптарын сақтауға;
– Академия алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етуге;
– кіру жарнасын уақтылы төлеуге;
– Академияның басқару органдарының шешімдерін орындауға міндетті.
3.4. Академияның барлық мүшелері, олардың мәртебесіне қарамастан:
– Академияның мүдделерін сақтауға;
– тәжірибе және біліммен еркін алмасу жағдайын құруға ықпал етуге, ынтымақтастық рухын және Академия мүшесі атағына жоғары талап қоюды дамытуға, шығармашылық қызмет этикасы мен іскерлік қатынастарға жалпы қабылданған көзқарастарды бөлісуге, авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғау нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
– Академия қызметінің ауқымы мен аясын кеңейтуге жәрдемдесуге міндетті.
АКАДЕМИЯҒА ХАТ