СЫЙЛЫҚ
Тұлпар сыйлығы дегеніміз не? Оның басқа фестивальдік сыйлықтардан айырмашылығы неде?

Тұлпар – бұл бірнеше номинация бойынша Қазақстан Ұлттық киноакадемиясының сыйлығы. Егер фестиваль сыйлықтарын бірнеше адамнан тұратын қазылар алқасы ұсынса, академиялық сыйлықтарға кинематографистер қауымдастығы дауыс береді. 2024 жылы жасырын дауыс беруге Академияның, Одақтың және Кинематографистер лигасының (бірлескен атауы – Альянс) барлық мүшелері қатысады.

Тағы бір айырмашылық: фестивальдар таңдауы жаңа фильмдерге, әсіресе прокаттау алдындағы тұсаукесерлерге түседі, ал киноакадемиялар керісінше, отандық фильмдердің жылдық прокаттау маусымына қорытынды береді.

Бұл жылы қанадй номинациялар қарастырылады?

1. Үздік фильм
2. Үздік режиссер
3. Үздік сценарий
4. Үздік актер
5. Үздік актриса
6. Үздік оператор
7. Үздік суретші

8. Үздік композитор

Байқауға қандай фильмдер іріктеледі?

Сыйлық алуға 2023 жылғы 1 қарашадан 2024 жылғы 30 қыркүйек аралығында Қазақстанда немесе шетелде коммерциялық кинопрокатқа шығарылған немесе шығуға жоспарланған, бір кинотеатрда қатарынан кемінде 7 күн күнделікті ақылы киносеансы бар қазақстандық толық метражды ойындық, деректі және анимациялық фильмдер қарастырылады. Ұзақтығы 40 минуттан асатынфильм толық метражды фильм деп танылады.

Қандай критерийлер бойынша фильм қазақстандық деп танылады?

Фильмнің шығармашылық құрамы мен өндірісі туралы деректердің жиынтығы бойынша (түсіру және монтаждау орны) қарастырылады. Балдық жүйе туралы толық ақпарат Регламентте көрсетілген.
Сыйлықтың үздік фильмі Қазақстан тарапынан Оскар сыйлығына ұсыныла ма?

Сыйлықтың ұйымдастыру комитеті «Үздік фильм» номинациясындағы сыйлықтың жеңімпазын Қазақстан атынан «International Feature Film» категориясында «Оскар» сыйлығына ұсынуға кеңес береді.

Түпкілікті шешімді Қазақстан кинематографистер одағы қарауындағы Оскар комитеті қабылдайды. Сыйлықтың барлық критерийлері Америка киноакадемиясының техникалық талаптарына сәйкес келеді.
ФИЛЬМДЕРДІ ТАПСЫРУ
Фильмді байқау іріктеуіне қалай тапсыру керек?

1) Сайттың басты бетінде, сондай-ақ Сыйлық пен Альянс беттерінде сол жақ жоғарғы бұрыштағы ӨТІНІМ немесе ЗАЯВКА түймешігін басыңыз.

2) Ашылған сауалды толтырып, қажетті материалдарды жүктеп, бізге жіберіңіз. Өтінім жіберу барысы 5 минуттан аспайды және де толықтай онлайн түрде жүргізіледі.

Фильмдерді байқау іріктеуіне тапсырудың соңғы мерзімі қандай?

Регламентке сәйкес, Лонглистке фильмдерді қабылдау 2024 жылдың 30 тамызында 12 сағат 00 минутта аяқталады.

2024 жылғы 30 тамызда Ұйымдастыру комитеті мен Кеңес бірлескен отырыста Шортлисті бекітеді, ал дауыс беру 1 қыркүйекте 12 сағат 00 минутта ашылады.

Сіздің ыңғайыңызды ескере отырып, Сыйлық беттеріндегі таймер дауыс беру басталғанға дейінгі қалған уақытты көрсетіп тұрады.

Менің фильмім заңсыз көшірілімнен қорғалына ма?

Фильмдер жабық vimeo.com серверінде орналастырылады және тек Альянстың тіркелген мүшелерінің жеке қаралымына қол жетімді. Ұйымдастыру комитеті фильмдердің сайттағы жеке кабинеттерден тыс қолжетімсіздігіне және оларды жүктеуден қорғауға кепілдік береді. Құқық иеленуші қалауы бойынша фильмнің көшірмесін қосымша қорғау үшін сутаңбамен белгілеп қоя алады.

ДАУЫС БЕРУ
Жеке кабинет қалай тіркеледі?

1) Сайттың басты бетінде, сондай-ақ Сыйлықтың және Альянстың беттерінде жоғарғы оң жақ бұрыштағы ДАУЫС түймешігін басыңыз.

2) Ашылған терезеде сіз мүшелік ететін ұйымның логотипін таңдау керексіз: АКАДЕМИЯОДАҚЛИГА. (Көрсетілген сілтемелер бойынша дәл осында жүзеге асыра аласыз).

3) Өзіңіздің аты-жөніңізді, сондай-ақ Email поштаңызды енгізіңіз. Содан кейін ЖІБЕРУ түймешігін басыңыз.

Жеке кабинет автоматты түрде жасалады. Тексерістен кейін сізге фильмдер тізімін көру және дауыс беруге рұқсат беріледі.

Жеке кабинетке қалай кіреді?

1) Жоғарғы оң жақтағы мәзірде келесі түймешікті басыңыз ➤ КIРУ немесе ➤ ВХОД.

2) «Авторизация» беті пайда болады, содан кейін тіркелген пошта мен құпия сөзіңізді енгізіңіз.

Осыдан кейін жүктеліп жатқан фильмдерді көріп, дауыс бере алатын жеке кабинетіңіз ашылады. Онда барлық қажетті нұсқаулықтарды да таба аласыз. 1 қыркүйекке дейін дауыс беру тестілік режимде жұмыс істейді, сондықтан қалағаныңызша дауыс беру үдерісін сынап көрсеңіз болады!

Жеке кабинетте аватарканы қалай орнатуға болады?

1) Кабинеттің жоғарғы оң жақ бұрышында аватаркасы жоқ белгішені басыңыз. Оның астында терезе шығады. «Редактировать профиль» пәрменін таңдаңыз.

2) Жаңа терезеде «агрузить изображение» түймешігін басып, компьютеріңізден фотосуретті жүктеңіз. Содан кейін «Сохранить» пәрменін басу керек.

Жеке кабинетіңіздің құпия сөзін де дәл осы бетте өзгерте аласыз.

Дауыс беру кестесі неге қазақ тілінде берілмеген?

Дауыс беру алгоритмін RankedVote кәсіби сервері дайындаған, бұл сервердауыс санын дәл анықтайды және оны үстемелеуге жолбермейді. Өкінішке орай, мұндада қазақ тілі тізімге енгізілмеген.

Дауыс берудің мерзімдері қандай?

Альянс мүшелеріне бағдарламаны сынақтан өткізуге мүмкіндік беру үшін дауыс беру 1 қыркүйекке дейін тестілік режимде жұмыс істейді. Мысал ретінде 2024 жылғы Оскар номинанттарының тізімі ұсынылады.
Қазақстандық Шортлист бойынша шынайы дауыс беру 1 қыркүйекте 12 сағат 00 минутта ашылады және 2024 жылғы 15 қыркүйекте 18 сағат 00 минутқа дейін жалғасады.

Дауыстарды санаудың дәлдігі және жасанды дауыс көбейтуден қорғау қалай қамтамасыз етілген?

Академия АҚШ пен басқа елдердегі мемлекеттік сайлауларда қолданылатын RankedVote алгоритмін лицензиялады. Ол Шортлистің бес номинантын және олардың арасында бір жеңімпазды анықтаудың дәлдігіне кепілдік береді.

Әрбір дауыс бірегей саналады, сайлаушылар тізімі серверде тіркеліп, екі рет дауыс беру мүмкін емес болғандықтан, дауыстарды жасанды көбейтуге жол берілмейді.

Нәтижелер тек кәсіби аудиторлық компанияға ғана қолжетімді болады, компания жеңімпаздардың есімдерін жабық конверттерді жариялы түрде ашу кезінде Ұйымдастыру комитетіне береді. Нәтижелерді сіздермен бірге баспасөз мәслихатында немесе салтанатты рәсімде 21 қыркүйектен кешіктірмей білетін боламыз!

САЙТ ЖҰМЫСЫ
Мен сайттың қазақша нұсқасын қолданамын, бірақ tulpars.kz сілтемесін ашқанда, орысша нұсқасы пайда болады. Не істеу керек?

Браузердің параметрлерін өзгертіп, онда әдепкі тіл ретінде қазақ тілін таңдауыңыз керек.

Тіркеу формалары неге қазақ тілінде берілмеген?

Формаларды Tilda.cc сервері автоматты түрде өзгертіп отырады. Өкінішке орай, бүгінгі таңда онда тек 4 тіл ғана қарастырылған: орыс, ағылшын, неміс және испан тілдері. Болашақта қазақ тілі де ворма тілдерінің қатарына енеді деп үміттенеміз.

Safari бағдарламасында кейде «Байланыс» мәзіріндегі қалқымалы блок ашылмайды. Не істеу керек?

Safari параметрлеріне кіріп, Websites бетбелгісін таңдаңыз. tulpars.kz үшін контент блоктауын алып тастап, (Content Blockers > Off) қалқымалы терезелерге рұқсат етіңіз Pop-up Windows > Allowed.

Сауалды толтыру барысында «Please, try again later» қатесі шығады. Неге?

Бұл қате «Мен робот емеспін» / «Я не робот» тестісінен өтпей, форманы бірнеше рет қатарынан толтыру кезінде пайда болады.

Әдетте мұндай жағдайда пайдаланушы әрекеттеріне бір тәулікке IP бойынша шектеулер қойылады. Күткіңіз келмесе, VPN арқылы әрекетті қайталауға немесе басқа браузерді қолдануға болады.