Кинематографистер Лигасы

2023 жылдың 11 тамызында «Қазақстан кинематографистер лигасы» ҚБ заңды тұлға мәртебесін алды – қазақ киносының дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылған тәуелсіз қоғамдық ұйым. Біз кәсіпқойлар мен киносүйер қауымның өзара әрекеттесу алаңына айналуға, ақпарат пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ елімізде киножобаларды құру мен ілгерілетуге қолдау көрсетуге ұмтыламыз.

БІЗДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚ

  • Біздің мақсатымыз
    Қазақстандағы жас кинематографистердiң құқықтары мен мүдделерiн қолдау және қорғау басымдылығымен ұлттық кинематографияны ұзақ мерзiмдi және жан-жақты дамыту.
  • Біздің негізгі міндетіміз
    Жас кинематографистерді қолдау және дамыту шараларын әзірлеуге және жүзеге асыруға белсенді көмек көрсету.
  • Біздің миссиямыз
    Жас киногерлердің әлеуеті арқылы еліміздің киноиндустриясының тұрақты дамуына ықпал ету. Лига олардың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, ұлттық киноның жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
  • Лиганы құру идеясы
    Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, идеяның ұйытқысы Олжас Асқаров: «Мен 2017 жылы кино саласында еңбек жолымды сайтта әкімші болып бастадым. 2020 жылы кинематографистер кәсіподағына кіру әрекетім сәтсіз аяқталды, бірақ менің коммуникативтік дағдыларым кинематографияны дамыту бойынша көптеген қызықты идеялары бар жас әріптестермен белсенді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Жас киногерлер арасында ауызбіршіліктің жоқтығы 80-ге жуық адамның басын қосқан қауымдастықтың құрылуына себеп болды».
  • LCK аббревиатурасы нені білдіреді?
    Қазақстан кинематографистер лигасы – киноиндустрияның барлық саласының өкілдерін біріктіретін ауқымды ұйым. Халықаралық қауымдастықпен жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін біз LCK аббревиатурасын таңдадық, ол киберспорттық лигалар үшін де қолданылады және қазақстандық кинематографияны әлемдік аренада дамытуға ұмтылатын лигамызды белгілеуге жарамды.
  • Басқару
    Басқарма төрағасы – Баталов Айдар Асқарұлы

Біздің контактілер

Мекен-жайы:
Қазақстан, Алматы қаласы