2. Академияның мақсаттары, міндеттері мен түрлері
2.1. Академия қызметінің мақсаттары:
— Қазақстан Республикасында киноөнерін қолдау және дамыту (киноөнері деп кинотеатрларда, теледидар арқылы көрсету және өзге үлгілерді ойнату үшін кез келген жанрдағы аудиокөрнекі туындыларды түсіру түсініледі);
— қазақстандық және халықаралық көрермендер арасында қазақстандық киноөнердің ең үздік туындыларын насихаттау;
— киноөнер саласында жұмыс істейтін қазақстандық мәдениет, өнер және білім қызметкерлерін олардың шығармашылық және кәсіби мүдделерін қолдау мен қорғау мақсатында біріктіру;
— қазақстандық және шетелдік ұйымдармен және киноөнер қайраткерлерімен ынтымақтасу;
— Қазақстан Республикасы халқының кинематографиялық дәстүрлерін сақтап қалу мен көбейту мақсаттарында кинематографиялық өнер және ғылыми саласында кәсіби шығармашылық қызметке қолдау көрсету;
— кино және телевизия саласында жұмыс істейтін қазақстандық мәдениет, өнер қызметкерлерін және эстетика, мәдениеттану, әлеуметтік психология, философиялық антропологиямен айналысатын, әлем мәдениетінінің тарихын және өнертанудың тарихи-теориялық мәселелерін зерттеумен айналысатын ғылыми қызметкерлерді олардың шығармашылық және кәсіби мүдделерін қолдау мен қорғау үшін біріктіру;
— отандық және әлемдік киноөнердің шығармашылық тәжірибесін зерттеу және жалпылау, киноөнердің тарихы мен теориясының өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
— кәсіби кинематографиялық білім беру мен эстетикалық тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесін жетілдіру, жоғарыбілікті шығармашылық кадрларды даярлау;
— отандық және әлемдік киноөнердің шығармашылық тәжірибесін зерттеу және жалпылау, киноөнер тарихы мен теориясының өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу;
— кинематорграф және оның өнер мен озық технологиялар саласындағы жетістіктерін насихаттау;
— киноөнер саласында мәдени, білім беру және технологиялық ілгерілеу үшін кино мен телевизия саласының үздік шеберлерінің арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу;
— қазақстандық және әлемдік киноөнердің көрнекті жетістіктерін насихаттау;
— кинематографияның технникалық қорын жақсарту мен әдістерін жетілдіру үшін техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту;
— кинематографиялық үдерістің әртүрлі мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер мен пікірталастар ұйымдастыру.
2.2. Академияның қызметінің пәні:
— киноөнер, кинематография, телевизия және академиялық гуманитарлық пәндер саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды қаржыландыру;
— кино, телевизия және киноқалыптастыру саласындағы шығармашылық жетістіктер үшін Академия атынан марапаттар, сыйлықтар, естелік төсбелгілерді тағайындау және тарту ету;
— отандық киномұрағат пен киноқорды сақтау мен дамытуға бағытталған іс-шаралар мен ғылыми зерттеулерді жүргізу және қолдау;
— кинематографиялық және өзге мұражайларды құру мен қолдау жұмыстарын жүргізу;
— кинематография саласында авторлық құқық пен шектес құқықтарды, мұрагерлік құқықтарын қорғау жұмыстарын жүргізу;
— киноөнердің қазақстандық шеберлерімен жасалған кино туындыларды Қазақстан Республикасына қайтару жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
— өзінің шығармашылық, білім беру, көрнекілік, технологиялық деңгейі бойынша, сондай-ақ тұтынушылық әлеуеті бойынша маңызды кино туындыларды түсіруге қатысу;
— кино және телевизия саласында отандық кәсіби білім беру жүйесін құруды ұйымдастыру және қатысу, қазақстандық өнер және кино түсіру қызметкерлері үшін, соның ішінде шетелде кәсіби қайта даярлау мүмкіндіктерін жасау;
— кино және телевизия саласындағы кәсіби қыметтің беделін көтеру және жаңа этиканы қалыптастыру жұмыстарын жүргізу;
— Академияның тақырыбы бойынша жарнамалық-баспалық, ғылыми, сараптамалық және сабағаттық қызметті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыру;
— кино өндірісі саласында өздігінен жүргізілген және қолданыстағы заңнамамен анықталатын шекте ішкі және әлемдік нарықтардағы барлық мүдделі ұйымдар мен тұлғаларға ұсынылған ғылыми-техникалық әзірленімдер, «ноу-хау», патенттер, үлгілердің енгізілуін және іске асырылуын ұйымдастыру;
— кино- және телеөндіріс және кино- және телекөрсетілім саласында олардың іске асырылуының орындылығы мен экономикалық тиімділігі туралы қорытындының берілуімен, инвестициялық жобалар мен келісім-шарттарды талдау, тәуелсіз сараптама жүргізу;
— барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық ақпараттық кеңістік қалыптастыру мақсатында Академияның қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық деректер қорын құру;
— кино және телевизия саласында кәсіби білік беру, өнер, мәдениет және білім беру саласының қазақстандық қызметкердеоіг кәсіби қайта даярлау жүйесін дамыту;
— кино саласында, соның ішінде халықаралық бағдарламалар аясында оқу орталықтарын, оқу орындарын, семинарларды, мамандарды даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
— кинематография және телевизия саласындағы көркемшығармашылық білім беру, педагогикалық қызмет;
— балалар мен жасөспірімдердің ұлттық және әлемдік кинематография жетістіктеріне, классикалық білім беруді қайта жаңғыртуға тарту;
— кино және телевизия саласындағы қоғамдық бастамаларды қолдау, соның ішінде жастардың әлеуметтік-маңызды бастамаларын қолдау, халық дәстүрлерін жаңғыртуға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін, ландшафттар, ескерткіштер мен есте қалаларлық жерлерді құтқару мен сақтап қалуға белсенді қатысуына тарту, Академия қызметімен байланысты жобаларды іске асыруда, шығармашылық өсімде дарынды жастарға көмек көрсету;
— жас дарынды кинематографшылардың әртүрлі тәжірибеден өтуін ұйымдастыру;
— қазақстандық кинематографияны жаңғырту мен дамытуға, кинематография және телевзия саласындағы қайырымдылық, меценаттық және демеушілікті ынталандыру және дамыту шараларын жүзеге асыруға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыру үшін ішкі және сыртқы инвестициялар, қайырымдылық салымдар мен қайырымдарды тарту және ынталандыру;
— халық дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
— мамандандырылған мекемелер мен ұйымдар желісі – киномектептер, киностудияларды қолдау және дамыту;
— әлемдік танымалдылыққа ие кинофильмдердің бүтіндігі мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру;
— құнды кинематография объектілерін қайта құру мен қалпына келтіруге қатысу;
— Академияның қызметімен байланысты фестивальдер, конкурстар, форумдар, көрмелер, семинарлар, симпозиумдар мен басқа мәдени, ғылыми және кәсіби оқиғаларды ұйымдастыру және жүргізу;
— қазақстандық кинематографшылардың шығармашылық жетістіктерін насихаттау;
— кино туындыларын түсіру, өндіру және тарату, соның ішінде Интернет желісінде тарату мәселелері бойынша ұсыныстарды орнатылған тәртіпте сәйкес органдарға енгізу;
— дебюттік немесе пилоттық жобалар болып табылатын, кино саласындағы Интернет-жобаларды қолдау;
— киноөнердің дамуына айтарлықтай үлес қосқан мәдениет және өнер, ғылым мен мәдениет саласындағы көрнекі қайраткерлерге құрмет атақтарын, марапаттарды тағайындауды бастамалау, ұйымдастыру және өтінімхаттарды қолдау;
— меншікті баспа органдарын құру, әртүрлі жанрлар мен түрдегі тақырыптық әдебиет, кітаптар, шағын кітапшалар, альбомдар, аудиокөрнекі және желілік өнімдерді басып шығару және тарату;
— Академияның веб-сайтын ашу;
— қазақстандық кино өндірістің шаруашылық етуші субъектілерінің, кинопрокат пен телевизиясының сыртқы нарықта қызметті жүзеге асыру үдерісінде тәуелсіздігі мен дербестігінің қажет құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қалыптастыру мен қамтамасыз етуге қатысу;
— киноөнер, телевизия және кинематография мәселелері бойынша тұрақты әрекет ететін дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру;
— кино өндірісі, кинопрокат және кино түсіру саласында халықаралық байланыстардың орнатылуына жәрдемдесу;
— Академияның тақырыбы бойынша жарнамалық-баспалық, ғылыми, сараптамалық және сабағаттық қызметті қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыру, кең ауқымды сарапшылық қызметтерді көрсету;
— кинематографияның өзекті мәселелері бойынша қоғамдық пікір қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
— Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгертулердің енгізілуін бастамалау және кино мен телевизияның дамуына жәрдемдесетін жаңа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
— маркетингтік коммуникациялар жүйесінің қалыпты қызметі үшін қажет деректен банкін ұйымдастыру, Академия мүшелерінің қызметі мен меншікті қызметті оңтайландыру мақсатында компьютерлік және өзге ішкі және халықаралық желілер мен деректер банктерін пайдалану;
— барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мақсатында Академияның қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпаратты деректер қорын құру;
— кинематография және телевизия саласында әрекет ететін халықаралық және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастық жүйесін дамыту және жан-жақты байланыстарды жүзеге асыру;
— Қазақстан Республика халқының кинематография және телевизия шеберлерімен арада тарихи қалыптасқан мәдени байланыстарды жан-жақты дамыту;
— кинематография шеберлері мен жас дарындардың тәуелсіздігі мен дербестігінің, шығармашылық ізденіс еркіндігінің құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін қалыптастыру мен қамтамасыз етуге қатысу;
— Академия мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесетін шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу;
— кинематография өнімдері мен мәдени құндылықтарды сақтау, құру, тарату мен игеру үшін қажет материалдар, жабдықтар мен басқа құралдарды өндіру жұмыстарын жүргізу;
— халықаралық мәдени алмасу, көрмелер, аукциондар, конкурстарды ұйымдастыру;
— кино- және телеөнімдерді құру мен тарату үшін қажет материалдар, жабдықтар мен басқа құралдарды өндіруді ұйымдастыруға қатысу;
— қолданыстағы заңнамамен анықталатын тәртіпте кинофильдерге құқықтарды сатып алу;
— кино- және телефильдерді өндіру, тираждау және тарату жұмыстарын жүргізу;
— ұлттық киностудияларды құру мен қолдауға қатысу;
— кино және телевизия қызметкерлеріні, кинофильм өндірушілерінің құқықтарын қорғау;
— кинематография және телевизия қызметкерлерін материалдық қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге қатысу;
— халықаралық шығармашылық байланыстарды кеңейтуде Академия мүшелеріне жәрдемдесу;
— көркемөнер (әуесқой) киношығармашылықты дамыту;
— әуесқой киноөнер саласындағы азаматтардың қызметін көтермелеу және ынталандыру;
— кинематография ұйымдарының материалдық-техникалық қорының дамуына жәрдемдесу;
— жеке меншіктегі кинофильмдерді сақтау және пайдалану жөніндегі іс жүзіндегі жан-жақты көмек көрсету;
— қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте мәдени қызмет саласындағы делдалдық қызмет, кинематографиялық білім беру, мәдениет, көрме қызметі саласында делдалдық қызметтерді көрсету;
— жан-жақты халықарадық байланыстарды дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
— Қазақстанда киноиндустрия, кино мәдениеті және телевизияны дамыту саласында кәсіби қауымдастық құру;
— кино- және телеөндірісті дамыту мақсаттарында сабағаттық және кеңес беру сипатындағы мәселелерді шешу;
— гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін шешуге қатысу, осындай ынтымақтастық нысандары мен әдістерін дамыту;
— киноөнерді дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды басым қаржыландыруды жүзеге асыру;
— іскерлік кездесулерді жүргізу, бизнес-клубтар мен өзара тиімді байланыстардың орнатылуы мен дамытылуына жәрдемдесетін басқа құрылымдарды ұйымдастыру үшін жағымды жағдайдың жасалуын қамтамасыз ету;
— Академияның бағдарламалары мен жобаларын қаржыландырудың жаңа бюджеттен тыс көздерін ұйымдастыру және құру;
— кино және киноөндірісті дамыту мәселелері бойынша іскерлік кездесулер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелерді ұйымдастыру;
— Академияның жобаларын бірлесін іске асыру үшін шетелдік инвесторларды, продюсерлер мен менеджерлерді тарту және ынтымақтасу жүйесін құру және дамыту;
— кино- және телеөндіріс, кино- және телекөрсетілім саласында, кино және телевизия нарығында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды және жеке тұлғаларға іскерлік қолдау көрсету және мүдделерін өкілдеу;
— шетелде қазақстандық ұйымдардың мүдделерін өкілдеу;
— Академия мүшелеріне жеңілдіктер бойынша кең ауқымды қызметтер көрсету;
— жобаларды әзірлеу және сыртқыэкономикалық байланыстардың жаңа нысандарын ұйымдастыру;
— Академия мүшелері шетелдік серіктестермен бірлесіп құратын кәсіпорындарды ұйымдастыру, қалыптасыру мен қызмет етуіне жан-жақты көмек көрсету;
— Академия мүшелеріне материалдық қолдау көрсету қорын құру;
— Қазақстанда өзінің шығармашылық, білім беру және технологиялық деңгейі бойынша, сондай-ақ тұтынушылық әлеуеті бойынша маңызды мәдениет, өнер және білім беру туындыларын жасауға қатысу;
— кино және телевизия саласында туындыларды құру, өндіру, тарату, осы салаларда жұмыс істейтін тұлғалардың әлеуметтік және кәсіби құқықтары мен мүдделерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша орнатылған тәртіпте сәйкес органдарға ұсыныстар енгізу;
— кино және телевизия саласында отандық мамандардың кәсіби қызметі үшін оңтайлы жағдайдың жасалуына жәрдемдесу;
— ең жаңа технологиялық жетістіктердің негізінде әртүрлі ақпараттық бағдарламалар мен жүйелерді құру;
— кино мен телевизияны дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды басым қаржыландыруды жүзеге асыру;
— шетелде қазақстандық кинематографты қолдау клубтарын құру және ұйымдастыру, кең ауқымды тұсаукесерлер өткізу;
— мәдени, сауық, ағарту қызметін ұйымдастыру.
Академия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған және оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін өзге қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.