Өз қызметінде Альянс мүшелері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады;
- Кинематографияны дамытуға және кинематографистердің заңды құқықтарын қорғауға жалпы бейілділігін растайды;
- Әділ Қазақстанның креативті экономиканың ауқымды өсуіне экономикалық және саяси бағытын қолдайды;
- Мемлекет пен қоғам институттары арасындағы жемісті пікір алмасу пен өзара іс-әрекет отандық киноиндустрияны дамытуда жүйелі шешімдерді іздеудің пайдалы құралы деп санайды.
Келісімді орындау мақсатында тараптар өзара ынтымақтастықтың келесі салаларын айқындайды:
- Ұлттық кинематографияны дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдарға енгізу;
- Өз ұйымдарының мүшелерін заңды қорғауды ұйымдастыру, сценаристердің, режиссерлердің, операторлардың, суретшілердің және дыбыс-бейне жазу туындылары композиторларының авторлық шарттарын қоса алғанда, киноиндустрия саласындағы негізгі шарттарды әзірлеу және мүдделі ұйымдармен келісу, сондай-ақ дыбыс-бейне жазу туындыларын жасаушылардың (продюсерлердің) айрықша мүліктік құқықтарын (копирайт) қорғау;
- Кинематография саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі бірлескен қызметке шарттық негізде қатысу немесе осындай іске асыруға жәрдемдесу;
- Ұлттық фильмдерді Қазақстанда және шетелде танымал етуге, оларды дамытуға және прокаттауға жәрдемдесу;
- Тараптардың келісімі бойынша мамандандырылған, өңірлік және халықаралық конгрестерді, фестивальдарды, конференциялар мен симпозиумдарды, семинарларды, кеңестер мен дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу;
- Қазақстан кинематографиясын дамыту және оның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайту мақсатында басқа елдердің кинематографистерімен және кәсіби ұйымдарымен халықаралық байланыстарды нығайту.
Келісім аясындағы барлық шешімдер, өтініштер, үндеулер, ұсыныстар мен жобалар барлық Тараптардың толық келісімі кезінде консенсус жолымен қабылданады және оларға Альянс атынан олардың бірінші басшылары қол қояды.
Альянс кинематография саласындағы ұйымдар мен компанияларды ынтымақтастыққа шақырады.